Астанада 22-29 тамыз аралығында Ақбидай көшесінің Өндіріс көшесінен Көкше Кемеңгерұлы көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жартылай жабылады, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Астана әкімдігінің Telegram-каналында хабарланғандай, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Өндіріс көшесінен Көкше Кеменгерұлы көшесіне дейінгі учаскеде Ақбидай көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
"Осыған байланысты аталған учаске биыл 22 мен 29 тамыз аралығында ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", — делінген әкімдік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз