Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген.
Кешенге "Ата бейіт" атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.
Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз