Кейде қарапайым ғана дүниені өзі­міздің қорқынышымызбен күр­делен­діріп аламыз. Ал егер оған жеңіл қара­сақ, нәтижесі таңғалар­лық болуы мүмкін. Мұның айқын дәлелі – ­АҚШ математигі Джордж Данцигтің ­бастан өткерген оқиғасы.

Аспирант кезінде ол сабаққа кешігіп келіп, тақтадағы екі есепті үй жұмысы екен деп ойлапты. Бұл математикалық теңдеу әдеттегіден қиындау көрінгенімен, Данциг бірнеше күн ішінде әлгі есепті шыға­рып тастайды. Кейін белгілі болғандай, ол қарапайым тапсырма емес, статистика саласында «шешілмейді» деп келген күрделі есепті орындап шыққан екен.