Аустралияда акулаға ұқсас киттің қазба сүйектері табылды. Оның көзі теннис добының көлеміндей, ал тістері өткір болған. Зерттеу нәтижелері Zoological Journal of the Linnean Society журналында жарияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Independent-ке сілтеме жасап.
Бұл олжаны 2019 жылы Виктория штатындағы тұрғын Росс Дуллард тауып алған. Ол жағажайда серуендеп жүріп, ежелгі сүтқоректінің қазба бас сүйегін байқаған. Бірақ жуырда ғана ғалымдар бұл сүйектердің жаңа түрге жататынын растады. Жойылып кеткен жануарлар Janjucetus dullardi деп, Дуллардың құрметіне аталды.
"Көз алдыңызға акулаға ұқсайтын китті елестетіңізші, кішкентай әрі сүйкімді, бірақ мүлде бейқам емес", – дейді Дункан.
Janjucetus dullardi шамамен 26 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Өлшемі дельфиндерге жуық болған. Табылған үлгі жас дараға тиесілі, оның ұзындығы 2 метр шамасында болған. Бұл маммалодонтидтер тобына жатады.
Еске салайық, бұған дейін Моңғолияда алып аяқтары бар құсқа ұқсайтын динозаврдың қазба сүйектері табылған еді. Жаңа түр Shri rapax деп аталды, ол дромеозавридтер тұқымдасына жатады. Сүйектер Моңғолиядағы Джадохта формациясынан шыққаны құжаттар арқылы анықталды. Алайда олардың нақты қай жерден табылғаны белгісіз, себебі сүйектер 2000-жылдары заңсыз қазылып алынған. Кейін олар Англия мен Жапониядағы жеке коллекцияларда сақталып, ақыры француздық Eldonia компаниясы сатып алған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!