Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің X аккаунтында қазақ тілінде пост жариялап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы не туралы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эммануэль Макрон қазақ тіліндегі жазбасында Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгімесінің егжей-тегжейін хабарлаған.

"Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық.

Сондай-ақ біз халықаралық жағдайды да қарастырдық: Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказдағы жүріп жатқан келіссөздерді", — деп жазды Франция президенті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз