АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты қатысты арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, Трамппен бірге журналистер алдына ФИФА президенті Джанни Инфантино да сөз сөйлеген.

Өз үндеуінде Трамп футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі қашан және қайда өтетінін айтқан.

"Осы жылдың 5 желтоқсанында Вашингтондағы Кеннеди орталығында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді. 2026 жылғы әлем біріншілігі спорт тарихындағы ауқымды әрі ең күрделі шара болмақ және Кеннеди орталығы оның тамаша бастауы болады", — деді Трамп Ақ үйде сөз сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада елдерінде өтеді.

Турнирге алғаш рет 48 мемлекеттің ұлттық құрамасы қатысады, финалдық ойындар Нью-Джерсидегі "Метлайф-стэдиум" стадионында өтеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз