Алматы облысының полицейлері Қонаевта бірнеше адамның қатысуымен болған, адамды көлікпен қағып кеткен жанжалдың мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Полицейлердің жедел әрекет етуінің арқасында екі күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін полиция Оралда ер адамның алаяқтарға 1,3 млн теңге аударуына жол бермеген еді. Алаяқтар бірнеше күн бойы оның есепшоттары қауіпте екенін айтып алдаған, тіпті әйелінің және қызының атынан қоңырау шалған.