Әнші Қайрат Нұртастың інісі желіде сүйінші жаңалығын жариялады. Ол жұбайы екеуі тұңғыш сәбиін күтіп жүр. Instagram желісінің қолданушылары Заңғар мен Индираны құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram-да Заңғар Нұртас пен Индира Мәуленованың парақшаларында ерекше фотолар жарияланды. Іші шығып қалған Индира оқырманына қуанышын бөлісті.
"Бақытты отбасымыз тағы бір жүрек соғысымен толықпақ. Аллаға шүкір, біздің кішкентай ғажайып жолда", — деп жазды ерлі-зайыпты.
"Қандай тамаша жаңалық", "Қымбаттыларым, құтты болсын", "Индираның жолы жеңіл екен, келін боп үйге келіп еді, Жұлдыз (Қайрат Нұртастың жары – ред.) сәбиін дүниеге әкелді", "Кеше ғана біреулер "әйелің неге тумай жүр" деп жазып еді, енді аузы жабылды", — деп пікір қалдырды желідегілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ИНДИРА | БЛОГЕР СТИЛИСТ МОДЕЛЬ (@indi_maulenova)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз