Ертең, 26 тамызда Қазақстанға ресми сапармен Иордания королі келеді күтілуде. Осыған байланысты Мемлекеттік күзет қызметі Астананың кей көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Иордания королі Абдалла II бен әл-Хусейннің Қазақстан Республикасына ресми сапары кезінде (26-27 тамызда) қаланың жекелеген көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техника ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық дәрежедегі маңызды оқиға кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз