Алматыда Мемлекеттік Орталық музейде ҚСР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» көрмесі өтті
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Көрмеде Қазақстандағы конституциялық заңнаманың даму кезеңдерін бейнелейтін бірегей жәдігерлер ұсынылады. Олардың қатарында — 1989 жылғы Қазақ КСР Конституциясының түпнұсқасы, 1995 жылғы Конституцияның дайындалу және қабылдану үдерісін көрсететін Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі қорынан алынған фотоқұжаттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан алынған конституциялық құқық мәселелеріне арналған басылымдар мен кітаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының қорынан алынған 1995 жылғы Конституцияның көшірмесі бар.
Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихи қалыптасу жолын құқықтық және саяси маңызы зор құжат ретінде көрсету, сондай-ақ оның мемлекеттік тәуелсіздікті нығайтудағы, демократиялық институттарды дамытудағы және елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін айқындау.
Егемендік алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Конституциясына алты мәрте өзгерістер енгізілді — 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары. Бұл түзетулер елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық трансформация кезеңдеріне сәйкес құқықтық жүйені жетілдіру қажеттігінен туындады, – деді Мемлекеттік Орталық музейдің ғылыми қызметкері Қанағат Аятов.