Қарағанды облысында полиция ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды қаласында Теміртау қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында ірі көлемдегі есірткі айналымына тосқауыл қойды.
"Жүргізілген кешенді жедел іс-шара барысында 35 жастағы қала тұрғыны 5 грамм гашишті өткізбек болған сәтінде ұсталды. Жедел түрде оның тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, пәтерінен бір келіден астам гашиш табылып, тәркіленді",- делінген ақпаратта.
Сонымен қатар электронды таразылар, арнайы қаптамалар және өзге де құрал-жабдықтар алынды.
"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Тәркіленген есірткі мен айғақ заттар сараптамаға жіберілді",- делінген ақпартта.
Бұған дейін Қазақстанда динамикалық бақылауға жататын аурулар тізімі кеңейтілгендігі хабарланған болатын.