Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы биыл 8 қыркүйекте өтетін болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды», – деп хабарлайды Желдібай.
Айта кетейік, бұған дейін Ақорда Тоқаевтың Қытайға сапарлайтынын хабарлаған еді.