Санаулы минуттардан кейін Алматыдағы Орталық стадионда қазақстандық “Қайрат” пен шотландиялық “Селтик” УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан чемпионының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин шотландиялық алпауытқа қарсы ойында алаңға шығатын 11 футболшыны таңдады:
“Қайрат” – “Селтик” матчы 21:45-те басталады, жанкүйерлер тікелей трансляцияны Qazsport арнасынан көре алады.
Ойын басталуына бір күн қалғанда “Селтик” жаттықтырушысы “Қайратпен” болатын кездесу жайлы пікірін бөлісті.