Алматылық футбол клубы өз тарихында алғаш рет Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіне өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жетістікке олар өз алаңында шотландиялық "Селтикті" жеңген соң қол жеткізді.
Ойын тағдыры пенальти сериясында шешіліп, есеп 3:2 болды.
Еске салайық, бұған дейін Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының гимні алғаш рет шырқалғанын хабарланған едік.