Қытайдың Цзянмэнь қаласында волейболдан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 тамызда Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға жолдама алу үшін Францияға қарсы кездесу өткізді.
Өкінішке қарай, 1/8 финалда жеңіске жете алмады. Қарсылас команда 3:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, отандастарымыз әлем чемпионатында өнер көрсетуін жалғастырып, 9-16 орындар үшін бақ сынайды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Александр Бублик US Open-2025 турнирін сәтті бастағанын хабарлаған едік.