Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалланы елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Иордания Королі ІІ Абдалланың Қазақстандағы ресми сапары аяқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін елорда әуежайынан шығарып салды.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев пен II Абдалла "Астана" халықаралық қаржы орталығын аралаған еді.
Оның алдында екі ел басшылары Қазақстан-Иордания бизнес-форумына қатысты.