Қазақстанда ұлттық экономиканың жаңа вице-министрі тағайындалды. Бұл туралы Үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүгін, 27 тамызда Үкіметтің ресми Telegram-каналында ұлттық экономика вице-министрі тағайындалғаны туралы ақпарат жарияланды.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Ермекұлы Сағынаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз