Алматылық "Қайратқа" жеңіс сыйлаған қақпашы Темірлан Анарбековтың кеше өткен тарихи матчтан кейін әлеуметтік желіде танымалдылығы арта түсті. Бір тәулік ішінде футболшының Instagram парақшасына 100 мыңға жуық адам жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық "Қайрат" өз алаңында шотландиялық "Селтикті" жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Алматылық клубтың қақпашысы Темірлан Анарбеков бұл тарихи матчтың нағыз қаһарманы атанды. Ол пенальти сериясында қарсыластың үш соққысын қайтарып, командасына жеңіс сыйлады.

Күллі Қазақстанды қуантқан матчтан кейін желіде 21 жастағы қақпашының танымалдылығы арта түсті. Бір тәулікте Instagram желісінде оған 90 мыңнан астам жанкүйер жазылған. Анарбековтың оқырмандар саны әлі де тоқтаусыз өсуде.

Темірлан Анарбековтың Instragram парақшасы. Скриншот: instagram.com / anarbekov_temirlan77

Анарбековтың жеңістен кейін жариялаған суреттері 150 мың лүпіл жинап үлгерген.

Айта кетейік, қаһарман қақпашы ұлттық құрамадағы оқырман саны көп ойыншылардың қатарына кірді. Бұл тарихи жеңіске дейін Анарбековтың үш мыңнан аса оқырманы ғана болған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз