Индонезияда археологтар мен тарихшылар қола дәуіріне жататын, 3000 жылдық тарихы бар конус тәрізді балта тапты. Мамандардың пікірінше, ол метеорит металынан жасалған болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Radar Banjarmasin порталының жазуынша, бұл олжа аймақ үшін бірегей және Борнеоның көне тұрғындарының металды қалай өңдегенін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Балта алтын іздеу кезінде табылған өзге артефактылармен бірге жергілікті тұрғынның коллекциясына түскен.
Банджар аймағының мәдени мұра жөніндегі сарапшылар тобының (TACB) мүшесі Хартатик түсіндіргендей, жергілікті халық "Джиджи Петир" немесе "Унту Гледек" деп атайтын бұл балтаның мәдени және тарихи маңызы бар. Жергілікті аңыздар оны найзағаймен байланыстырады, ал ғалымдар балта балқытылған метеориттік материалдан, озық металл өңдеу әдістерімен жасалған болуы мүмкін деп санайды.
Кәдімгі тас балталардан айырмашылығы, конус пішінді балта шауып-кесу үшін арналмаған сияқты. Оның шағын көлемі мен ерекше дизайны әлеуметтік мәртебе белгісі немесе сауда зат ретінде пайдаланылғанын көрсетеді.
Бұған дейін Торғай даласынан 200-ге жуық көне жәдігер табылғанын жазған болатынбыз.