Шымкент қаласы әкімінің аппаратын басқарған Ержан Сейтенов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ержан Іргебайұлы Сейтенов тағайындалды", — делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, Ержан Іргебайұлы 1974 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіру кәсіпорнында жұмысшы болып бастаған.

2002-2016 жылдар аралығында жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2016-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, Жасыл экономика, Тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы, 2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі болған.

2023 жылғы қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы болып жұмыс істеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің екі бірдей орынбасары тағайындалғанын хабарлаған едік.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз