Сырым ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы.
Ауданның жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.
Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 38 миллион теңгеден асатын жалпы ауданы 5000 гектардан астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.