Астанада мониторингтік топ дүкендерге рейд жүргізіп, тыйым салынған заттарды тәркіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, "Заң және тәртіп" қағидаты аясында Алматы аудандық полиция басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен мониторингтік топ рейдтік іс-шаралар өткізген.

Рейд барысында ауданның екі дүкенінде насыбай мен снюс өнімдерінің сатылып жатқаны анықталған.

Сатушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шара қолданылып, жалпы саны 10 дана тыйым салынған өнім (насыбай және снюс) тәркіленген.

"Аталған шаралар "Заң және тәртіп" қағидаларына сәйкес тұрақты түрде жалғасатын болады. Бұл жұмыстар қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың денсаулығын қорғауда және жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады", — дейді Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Айбын Айдынұлы.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз