Астана, Алматы мен Шымкенте 1 қыркүйекте ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 3,5 м/с.

Астанада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 16 градусқа дейін жетіп, түнде 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,4 м/с.

Шымкентте де бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 32 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 9,5 м/с деңгейінде болмақ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз