Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы АҚШ-тағы ашық чемпионаттың төртінші кезеңіндегі матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рыбакина төртінші айналымда чехиялық Маркета Вондроушовадан (WTA №60) 4:6, 7:5, 2:6 есебімен жеңілді.
Рыбакина мен Вондроушованың жеке кездесулеріндегі есеп 1:1 болған. Енді чехиялық теннисші алға шықты.
Ширек финалда Маркета Вондроушова әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі.
Бұған дейін Александр Бублик US Open-2025 турнирінің төртінші кезеңіне жолдама алған еді.