Ауғанстанда күші 6 балдық жер сілкінісінің салдарынан кем дегенде 622 адам қаза тауып, 1300-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды NBC News телеарнасының сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап жазуынша, жер сілкінісі Пәкістанмен шекараға жақын жерде жергілікті уақыт бойынша шамамен түн ортасында болған.

Жер сілкінісі болған аймақта ауқымды құтқару операциясы басталған. Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, табиғи апат шалғай таулы аймақта тіркелгендіктен, оның салдары туралы нақты ақпарат алу үшін уақыт керек.

Ауғанстан ішкі істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, кейінгі мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің салдарынан 622 адамның қаза тапқаны және 1300-ден астам адамның жарақат алғаны белгілі болған.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен 1000 адам эвакуацияланып, ауруханаға жатқызылған.

Айта кетелік, әлеуметтік желіде оқиға орнынан фотолар, видеолар таралып жатыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз