Қазақстанда алдағы сейсенбі, 2 қыркүйек 2025 жылы, ауа райы күрт құбылып, қар аралас жаңбыр жауады, топырақ бетінде -2°С-қа дейін үсік, сондай-ақ +38°С-қа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" дерегінше, атмосфералық фронттар біртіндеп ел аумағынан шығып барады, алайда солтүстік пен шығыс аймақтарға әлі де әсер етеді.

"Бұл өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, түнде қарға ұласуы мүмкін, кей жерлерде бұршақ түседі. Қалған аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, ал солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", — делінген хабарламада.

Мына өңірлерде -2°С-қа дейін үсік болады:

  • Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстігінде;
  • Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстанның шығысында;
  • Қарағанды облысының солтүстік-шығысында;
  • Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде.

Күндіз ыстық:

  • Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында – +35°С;
  • Атырау облысында – +35…+37°С;
  • Маңғыстау облысының оңтүстігінде – +38°С;
  • Ақтөбе облысының батысында – +35°С.

Сонымен қатар гидрометорталы өрт қаупі туралы да ескерту жасады:

  • Жоғары өрт қаупі – Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай және Шығыс Қазақстанның жекелеген өңірлерінде күтілетінін,
  • Өте жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Абай облыстарында және Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау өңірлерінің бірқатар бөлігінде сақталатынын мәлімдеді.