Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.

Алматыда қуаты 2 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жер сілкінісі бүгін сағат 12.58-де тіркелген. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

"Эпицентрдің координаттары 40.782 º С. Е. 78.865 º ш. б. тереңдігі 5 км. жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.3. MPV магнитудасы 5.7. Сезгіштігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): қарқындылығы (баллмен): Алматы қ. 2 баллды құрады", – делінген хабарламада.