Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов парламент кулуарында елімізде үлкен стадиондар салу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, Алматыда жаңа стадион салу жоспары бар.
"Сонымен қатар жеті қаладағы жеті стадионның құрылысына жобалық-сметалық құжаттар жасалды. Қызылордада УЕФА стандарты бойынша үшінші санатқа сай келетін стадион күзде аяқталады", — деді ол.
Олардың құрылысына қанша қаражат қарастырылатыны әзірге белгісіз.
"Стадиондардың қанша тұратыны жобалық жұмыстар жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Бүгінде мемлекет басшысы шетелдегі жеке клубтарды үлгі ете отырып, стадиондар бюджеттен қаржыландырылмайды деген міндет қойды", — деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда халықаралық деңгейдегі заманауи стадион бой көтеретінін хабарлағанбыз. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында жоба барысымен танысқан еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз