Желіде Алматы облысында екі әйелдің жасөспірім қызды ұрлап, азаптағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер қызды ұрып-соғып, темекімен күйдіріп, өзенге батырып, зорлық-зомбылықпен жыныстық қатынасқа түскені айтылған. Олар мұның бәрін видеоға түсіріп, оны таратпау үшін 3 миллион теңге талап еткен.

2 қыркүйекте Zakon.kz сайтына облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу және зорлық-зомбылық сипаттағы сексуалдық әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Екі күдікті әйел де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапқа тартылады", — деді полиция.

Сонымен бірге қылмыстық процеске қатысушылардың жеке деректерінің әшкереленуі туралы уәждер тексеріліп жатыр, деп атап өтті ведомство.