Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен және Алатау ауданындағы Теректі шағынауданы тұрғындарының қатынас қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық мобильділік басқармасы жаңа тұрақты автобус бағытын ұйымдастырды.

№83 бағыт "№184 мектеп – №7 қалалық аурухана" бағыты бойынша бүгіннен бастап қатынайды.

Бағытқа ұзындығы 9 метрлік газбен жүретін Yutong маркалы автобустар шығарылады.

Күн сайын төрт автобус жолға шығып, қозғалыс аралығы шамамен 10 минут болады.

Бағыт әзірге сынақ режимінде жұмыс істейді.

Жолаушылар легі мен тұрғындар сұранысына байланысты қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.