"Лион" француз футбол академиясының жас тәрбиеленушісі 16 жасар жасөспірімді кеудесіне пышақ салып, өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

BFMTV мәліметінше, қайғылы оқиға Лион Калюир-э-Кюир маңында болған. Жергілікті полиция күдікті жас футболшының үш адамнан тұратын топты пышақпен қорқытып, олардың біреуінің кеудесіне пышақ сұққанын анықтады.

Зардап шеккен 16 жасар жасөспірім ауруханада алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал, күдікті ізін суытып үлгерген. Дегенмен, жақын маңнан оның суық қаруы табылды.

Ресми мәлімдемеде айтылғандай, қайғылы оқиғаға жасөспірімдер арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған.

Бұған дейін үндістандық әйелдің діни рәсімді сылтауратып танысының баласын ұрлап кеткенін жазғанбыз.