Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төрәлінің кенже қарындасы желі арқылы жанкүйерлерін сүйіншіледі. Белгілі болғандай, Дина Төрәлі үшінші мәрте ана атанбақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұбайымен бірге желіге жүктеген бейнесінде Динаның жүкті екенін аңғаруға болады. Бейнеге келесідей шағын жазба да қалдырған.

"Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұрғаны. Бақыт үш есе артты. Шүкір!".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dina Toreali (@tattti_kyz)

Бұл жаңалық жанкүйерлерді таңдандырмай қоймады, дегенмен олар жүрекжарды тілектерін қалдырып жатты.

Айта кетейік, Дина Төрәлі тұңғышын 2023 жылдың желтоқсан айында дүниеге әкелсе, 2024 жылдың қысында екінші мәрте ана атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dina Toreali (@tattti_kyz)

Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші мәрте ана атанғанын жазғанбыз.