Қарағанды облысында орманда қарт әжей адасып қалған. Оның табылуына жолдың бойына қалдырған белгілері көмек болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушыларға 2 қыркүйекте таңғы сағат 10: 00-де 1954 жылы туған әйел адам демалыс аймағының аумағынан серуендеу үшін кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Іздестіру жұмыстары Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы "Шахтер" демалыс аймағында жүргізілді. Құзырлы ведомство жариялаған видеода жерде: "Стоп. Я, Люба, заблудилась" деген жазу және нұсқау белгілері көрінеді.

"Іздестіру жұмыстары түні бойы жалғасты. Орманды зерттеу үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппараты мен кинологиялық жасақты жұмылдырды. Бүгін күндіз ТЖМ іздестіру тобы демалыс аймағынан 8 шақырым жерде орманда әйелді тауып алды. Оған медициналық көмек қажет болмады", делінген хабарламада.