Қазақстан Энергетика министрлігі Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі өсті деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Өндіріс көлемі керісінше азайған.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррельді құраған. Бұл көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 48 мың баррельге төмен.

"Энергетика министрлігі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, елімізде мұнай өндіру деңгейі тамызда өткен аймен салыстырғанда артты деген ақпаратты түбегейлі жоққа шығарады", – делінген сәрсенбі күні жарияланған министрлік мәлімдемесінде.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз