ҚР Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов 2025 жылғы 4 қыркүйекте Сенат кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған Ақмәди Сарбасовтың қандай іске байланысты өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Сарбасов қазір күдікті ретінде танылған.
"Қазіргі таңда пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау қолданылды", – деді Әлемесов.
Ол осы іске қатысты тағы екі фигурантты атады.
"Сонымен қатар бұл істе онымен бірге тағы екі фигурант бар: бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Арғандыков және "ForteBank" АҚ-ның экс-төрағасы Омаров. Пара сомасы – 75 мың доллар", – деп толықтырды ол.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 1 шілдеде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарған Ақмәди Сарбасовтың ұсталғаны белгілі болған еді.