Мемлекет басшысы Португалия президентіне Лиссабон орталығында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты.
Қазақстан президенті бақилық болғандардың туыстарын сабырға шақырып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізген", — делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, Лиссабонда туристер арасында танымал фуникулер рельстен шығып кетіп, кемінде 15 адам қаза тапты. Қаза тапқандар арасында шетелдіктер де бар, бірақ олар қай елдің азаматтары екенін билік өкілдері әзірге нақтыламады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз