5 қыркүйек Ливерпульде әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтеді, деп жазады Egemen .kz.
Жаһан жарысының күндізгі сессиясында қос боксшымыз бақ сынайды.
57 келіде Карина Ибрагимова грекиялық Панагета Кузилумен жұдырықтасса, 65 келіде Аида Әбікеева Мажарстан өкілі Лука Хаморимен өзара кім мықтыны анықтайды.
Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 15: 00-де басталады.
Әлем біріншілігінің алғашқы күні ел құрамасында Элина Базарова өзбек қызынан жеңілсе, Сағындық Тоғамбай англиялық қарсыласынан басым түсті.