БҚО-да Сырым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы орган мәліметінше, жол құрылысы кезінде Сырым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы заңбұзушылыққа жол берген.

Тергеу барысында бұрынғы бөлім басшысы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, заңсыз әрекеттерге барғаны және соның салдарынан мемлекетке 56 млн теңгеден астам көлемде залал келтіргені анықталған.

Сырым аудандық соты бұрынғы бөлім басшысын кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз