Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", — деп жазылған өкім мәтінінде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз