Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген үйге ұқсас жекежай Оқу-ағарту министрлігінің меншігіне өткенін хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясының басылымға берген ақпараты бойынша, тұрғын үй Оқу-ағарту министрлігіне қарасты арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми практикалық орталығына ресми түрде тіркелген.
Бұл ақпарат ресми түрде расталып, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері бұл жайында толығырақ айтып берді. Сондай-ақ ведомствоның хабарлауынша, мұндай орталықтардың желісі мемлекет бойынша кеңейтілмек.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз