Талғарда әлдебіреу ер адамды атып, оның кішкентай қызын ұрлап әкеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ұрланған баланың құтқарылғанын және жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қылмыс туралы адвокат Гауһар Сарыева Instagram парақшасында жазды.
Ер адамды өлтіру және баланы ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды, деп мәлімдеді KAZ.NUR.KZ тілшісіне Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Тергеу деректері бойынша, күдікті мен жәбірленуші бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Олардың арасында жанжал туындап, оның барысында қылмыскер жәбірленушінің ағасына шолақ мылтықпен оқ атқан. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Осыдан кейін күдікті кішкентай баланы ұрлап, қашып кеткен. Оның жеке басы мен жүрген жері анықталып, оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Кейін ІІМ баспасөз қызметі қылмыскердің ұсталғанын хабарлады.
"Полицияның арнайы жасақтары кәмелетке толмаған баланы құтқару операциясын жаңа ғана сәтті жүргізді. Бала тұтқыннан босатылды, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Арнайы операцияның барысын Ішкі істер министрі жеке бақылап отыр.
"Күдікті ұсталды. Қылмыс қаруы — шолақ мылтық тәркіленді. Қыз бала анасына тапсырылды. Оны дәрігерлер тексеріп жатыр", — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз