Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 7 қыркүйекте Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қасым-Жомарт Тоқаев президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстан президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен ел астанасына 9-10 қыркүйекте Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді.