ТЖМ құтқарушылары Тобыл өзенінде ағыс алып кеткен қайықтағы адамдарға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға Қостанай облысының Майлин ауданы Береговое ауылы маңында болған.
"Қысқа мерзімде шақырту бойынша оқиға орнына келген құтқарушылар қайықпен ер адам мен әйел отырған үрлемелі серфингге арналған сапборд тақтасына жетіп, оларды жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", делінген хабарламада.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Ауа-райының жағдайын ескеру және мүмкіндігінше мұқият болу маңызды!