Қуандық Бишімбаевтың сотынан кейін көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанова Қазақстанда қалыңдықты ұрлағаны үшін тағайындалатын жаза туралы толығырақ айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Аймағанова әлеуметтік желіде жариялаған видеосында Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер жайлы сөз қозғады. Прокурор "Некеге мәжбүрлеу" бабына тоқталып, оны көпшілікке түсіндіруге тырысты.
Аймағанова жаңа заңнама бойынша күш қолдану, қорқыту, бопсалау, немесе басқа да қысым көрсету арқылы некеге туруға мәжбүрлеу әрекеті үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделсе, ауыр зардаптарға алып келген жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске салды.
"Неке — екі жанның өз еркімен құрған одағы. Қалыңдықты некеге мәжбүрлеу әрекетімен алып қашу — салт-дәстүр емес, қылмыстық заңбұзушылық", — деді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз