Желіде ер адамның егде жастағы әкесіне дөрекілік көрсетіп, оны ұрған бейнесі кеңінен таралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазнеттегі пікірлерге сүйенсек, оқиға Түркістан облысында болған. Ал, қорқынышты кадрларды қарияның көршісі таспалаған.

Өңірдің Полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталады. Қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады", – деді полиция.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында екі полицей жол апатына ұшырап, қаза тапқанын жазғанбыз.