Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте елде Жасанды интеллект министрлігі құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында айтты.

Оның айтуынша, жаңа министрлік жасанды интеллектті барлық салаға енгізуді реттеумен айналысады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жоспарланғанын және Цифрлық кодексті қабылдауды жеделдету қажет екенін атап өтті.