Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 8 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 535,13 теңгені құрап, 2,64 теңгеге төмендеді.

Рубль бағамы 6,56 теңгеге дейін төмендеді (-0,05).

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы таңертеңгі сауда-саттықта 75,02 теңгені құрады (-0,49).

Валюталық айырбастау орындарында доллар 536,3–538,7 теңгеден сатып алынып/сатылуда, еуро – 628,5–632,5 теңге, рубль – 6,43–6,55 теңге.

Әлемдік мұнай бағасы 8 қыркүйектегі сауда-саттықта өсіп жатыр.

Атап айтқанда, ICE Futures электрондық саудасында қараша айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,56%-ға өсіп, барреліне 66,52 доллар болды.

Ал NYMEX электрондық саудасында қазан айына арналған WTI мұнай фьючерстері 1,60%-ға қымбаттап, барреліне 62,86 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 537,91 теңге, еуро – 628,87 теңге, рубль – 6,6 теңге деңгейінде белгіледі.