Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Республикасының президенті Гордана Силяновска-Давковаға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Балқан түбегіндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі саналатын Солтүстік Македония Республикасымен дәстүрлі достық және өзара түсіністік рухындағы ынтымақтастық ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз