Ертең, 9 қыркүйекте Алматының кейбір ауданында электр желілеріне жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жарық уақытша сөндіріледі. Бұл туралы "Алатау жарық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, жөндеу жұмыстары сағат 08:00-ден 17:00-ге, кейбір шағынаудандарда 00:00-ге дейін жүргізіледі. Мамандар трансформаторлық қосалқы стансаларды (ТП-10/0,4 кВ) және әуе электр беру желілерін (ВЛ-10/0,4 кВ) күрделі жөндеуден өткізеді.

"АЖК" жариялаған кесте бойынша Алматыдағы келесі шағынаудандарда жарық жоспарлы түрде сөндіріледі:

08:00-ден 17:00-ге дейін:

  • Тастыбұлақ, Ақжар шағынауданы;
  • Таусамалы шағынауданы;
  • Маяк шағынауданы (Асфендиярова, Капчагайская, Аққұтан көшелері);
  • Суйінбай көшесі (172А, 437А, 437Б, 467-481 үйлер);
  • Красногвардейский даңғылы, 178/1;
  • Ақан Серы, Варшавский, Бехтерева, Сейфуллин, Дулатова көшелері.

09:00-ден 00:00-ге дейін:

  • Аблай хан даңғылы, 24-32;
  • Мәметова көшесі, 29/41;
  • Шаңырақ-1 шағынауданы (Өтемісұлы, Қаратау, Егемен, Майры, Өрбұлақ, Ертарғын, Қарқара көшелері).

09:00-ден 17:00-ге дейін:

  • Қарғалы шағынауданы (Мұстафин, Киров, Новая, Жансүгіров, Рысқұлбеков, Абай көшелері, Мирас шағынауданы);
  • Республика алаңы, Сәтпаев көшесі — Желтоқсан көшесінің бұрышы;
  • Горный Гигант шағынауданы, Ақтөбе шағынауданы;
  • Ақ-қайнар, Жолбарыс, Бұлбұл, Рахмадиева көшелері.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз