Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан үш жерсерікті орбитаға шығару үшін "Цзилинь университеті-Церера – 1 (Яо-15)" зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

China Daily газеті жазғандай, зымыранды Beijing Galactic Energy компаниясы жасаған. Оның президенті Лю Цзяньшэ — Цзилинь университетінің түлегі, модельдің техникалық жетекшісі және бас командирі.

Бұл зымыран әлемдік коммерциялық ұшыру нарығындағы шағын тасымалдаушылар арасында ең үнемді әрі бәсекеге қабілеттісі болып саналады.

"Біз Қытайдың коммерциялық ғарыш саласын ілгерілету үшін "Церера" сериялы зымырандарды жетілдіруді, өнімнің сапасын бақылауды жақсартуды және көптеп ұшыру мүмкіндіктерін арттыруды жалғастырамыз", – деді Beijing Galactic Energy президенті және Цзилинь университетінің түлегі Лю Цзяньшэ.

Galactic Energy, a private rocket maker in Beijing, launched its Ceres 1 rocket on Friday evening, sending three satellites into orbit.

The rocket lifted off at 7:39 pm from the Jiuquan Satellite Launch Center in the Inner Mongolia autonomous region and placed the satellites in… pic.twitter.com/yPOW3FiiP0

— China Daily (@ChinaDaily) September 6, 2025

Бұған дейін Антрактида түбінен табылған олжа ғалымдарды таң қалдырғанын жазғанбыз.